боксшы қарсыласын тістеп алды

Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Жекпе-жек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен болатын
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Ауыр салмақта жұдырықтасатын британдық Каш Әли қарсыласы Дэвид Прайсты тістегені үшін рингтен шеттетілді. Видео World Boxing Wall-дың Twitter парақшасында жарияланған.
Жекпе-жектің бесінші раундында 27 жастағы Әли қарсыласын құлатып, тістеген. Төреші жекпе-жекті тоқтатқанда, Прайс өзінің денесіндегі тіс іздерін көрсетті.
Бірде-бір рет жеңілмеген Каш Әли рингтен шеттетіліп, жеңіс қарсыласына жазылды. Бұған дейін британдық боксшы 15 жекпе-жекте де жеңісті қолдан бермеген.
Ал қарсыласы Дэвид Прайс 24 жекпе-жек өткізген.
sputniknews.kz