Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұсабек батыр Қалдарбекұлы

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұсабек батыр Қалдарбекұлы казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұсабек батыр Қалдарбекұлы на казахском языке

Мұсабек батыр Қалдарбекұлы (1815-1886) жылдар аралығында казіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр өңірінде өмір сүрген. Мұсабек батыр, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руынан шыққан атақты қазақ батырларының бірі. Өз заманында алты алашқа аты шыққан Сапақ датқа Қалдарбекұлының туған інісі. Қоқан хандығы 19-ғасырдың екінші жартысында алым саққа қазақ қыздарын ала бастағанда, ел арасында толқулар болып, Қоқан хандығына деген халықтың ашу ызасын тудырады. Мұсабек батыр қол бастап, қазақ батырларын жинап,Бадам өзенінің жағасы Ордабасы тауында Ташкент құсбегі Мырза бидің басын алады. Бұл ұрыста Қоңырат Жаманқара батыр, Қоңырат Белес батыр, Қоңырат Ербөбек батыр, Ұлы жүз батыры Рысқұлбек, Маделіқожа және тағыда басқа да батырлар болған. Мұсабек батыр жайлы ақындар көп жырлаған.

Сары даланы шаң қылған
Қоқаннан олжа мол қылған
Мырза биді өлтіріп
Батырлығын даң қылған
Мұсабек батыр жандардан
Майлы қожа

Қоңыратта білемісің Мұсабекті
Солардай болар едің болсаң текті
Өлтіріп Мырза биді намыс үшін
Қоқанның хандығынан алған кекті
Молда Мұса

Мұсабек батыр-дың ерлігін бейнелеуге арнап ақын Нәмет Сүлейменов жеке—дара бір кітап—поэма жазып шығарды.Ағартушы-ұстаз ақын Тәңірберген Отарбаев,жазушы Әбжапар Жылқышиев,ғалым Е. Құлымбетов,Мұсабек батыр ұрпақтары Кенжебай,Нұржан,Шыналбай,Алибек құнды деректерге аз да болса қол жеткізді.Сыр өңірінің айтулы ақыны Сәдуақас Мұсабек батыр орыстармен соғысты деп жазады өз еңбегінде.Оңтүстік Қазақстан обылысы, Ордабасы ауданы,Теспе ауылының тұрғыны өткен ғасырдың 90- жылдарында талай бәйгелерде топ жарған айтыскер ақынТалап Өскенбайов бабасы Мұсабек батыр-ға арнап жыр—дастан жазды. Жас қазақ үні газетінің бас редаторы,саяси қайраткер Ақ жол партиясының мүшесі Қазыбек Иса мырза да Мұсабек батыр-дың ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі болу үшін көп еңбектеніп жүр.Қалдарбек батырдың төрт ұлы Жандарбек,Сапақ датқа,Мұсабек батыр,Айдарбек жайлы әліде терең зерттелуде,алдағы уақыттарда жариялайтын боламыз.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!