«Блатпен» алады дейтін» Министр Шымкент мектептеріндегі өзгеріс туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Шымкент пен Түркістан облысында қазір мұғалімдер жұмысқа қабылданарда тест тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектеп директорларының бір орында ұзақ отырмай, ауысып отырғанын құптайды. Бұл туралы ведомство басшысы Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер білім және ғылым министрінен мектеп директорларына қатысты сұрақ қойды.

«Қазір бес жылдан артық отыратын мектеп директорлары өте көп. Осы мәселені қарастырып, бес жылдың ішінде бір рет оқытушылардың сайлауын өткізіп тұруға болмай ма? Себебі 10-20 жыл директор болатындар өз таныстарын кіргізіп, пендешілік жасап жататыны бар» деп сұрады БАҚ өкілдері.

Шәмшидинова қазір білім саласында көптеген дүние цифрлық жүйеге көшіп жатқанын алға тартты.

«Білесіздер, бұрын Шымкент пен Түркістан облысында мұғалімдердің бәрін «блатпен» алады деп көп айтатын. Қазір бәрі электронды түрде. Сол жерде тест тапсырады, кейін кім қабылданды, кім қабылданған жоқ, соның қорытындысы шығады. Болашақта бәріміз осыған келеміз», — деді министр.

Ал директорлардың ауысып отырғанын білім және ғылым министрлігі де қолдайды.

«Олардың ауысып тұрғаны маған қатты ұнайды. Бірақ, біз, ең алдымен, қоғаммен ақылдасуымыз керек, кейін қараймыз. Қазір мектеп директорлары босаған орындарға конкурс арқылы өтеді. Ал жалпы бұл дұрыс болар еді», — деді Шәмшидинова.



sputniknews.kz