Бизнесті дамыту саласындағы ұсыныстарды қолдауға дайынбыз – әкім

0
24 Желтоқсан 2018, 11:35 169 0

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. ERTIS телеарнасының эфирінде облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен «Әкім сағаты» өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Өңір басшысы инвестиция тарту мәселесіне әртүрлі факторлардың әсерін ескеру керектігіне назар аударды.

«Үлкен жобаларды мысалға алсақ, бұлар бір жылда шешілетін мәселе емес. Оған ішкі, сыртқы себептер әсер етеді. Доллардың бағамы да өз ықпалын тигізеді. Бұл көпқырлы процесс , — дейді Болат Бақауов.

Ол инвестиция тарту жөнінде жан-жақты жұмыс жасалынып жатқанын және ол үшін облысымызда барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

«Инфрақұрылым мәселесі бойынша аймақта көп нәрсе шешілуде. Логистика тұрғысынан облыс өте ыңғайлы, яғни Ресейге жақын, Қытайдан да алыс емес орналасқан. Бизнестен ұсыныстар келіп жатса, оны қарастырып, қолдауға әзірміз», — дейді Болат Бақауов.

Өңірімізде инвестиция тарту бағытында 2016 жылы өткен «Ертіс Инвест» форумында 500 миллиард теңгеге келісім-шарттарға қол жеткізілді. Олар бірте-бірте жүзеге асырылуда. 2017 жылы EXPO-2017 көрмеде Павлодар облысының офисі ашылып, сол жерде инвестиция тарту жөнінде жұмыстар атқарылды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ