Биыл «АрМИ-2019» ойындары үш мемлекеттің аумағында өтеді

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 19:43 197

Биыл «АрМИ-2019» ойындары үш мемлекеттің аумағында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мәскеуде V Халықаралық армия ойындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша бірінші жоспарлы конференция өтті. Оған ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы генерал-майора Алмас Жұмакеев бастаған әскери делегациясы  қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Патриот» паркінің конгресс-көрмелік орталығында өткен конференцияға Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан елдерінің әскери ведомство делегациялары қатысты.

Қатысушылар ойын жоспарын, конкурс кезеңдерін өткізудің тәртібін, ақпараттық және материалдық-техникалық мәселелерді, әскери және арнайы техникалармен әскери эшелондармен шекараны кесіп өту тәртібін, сондай-ақ ойындардағы төрешілер комиссиясы туралы ережені талқылады.

Еске салайық, 2018 жылы Халықаралық армия ойындары жеті елде — Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Қытай және Ресейде өткен еді.  2019 жылы конкурстарды алғаш рет Үндістан, Моңғолия және Өзбекстан аумағында өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz