Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау

0

Жоспар

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3

I –тарау Оқу тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік
               жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми – теориялық негіздері.
1.1.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық
      ой пікірлердің даму
тарихы … … … … … … … . … … … … … … … … … ..
. 5
1.2.Өзіндік жұмыстардың маңызы мен міндеттері.
… … … … … … … … .. 9
1.3.Өзіндік жұмыс түрлері.
… … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
.11

II – тарау Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын
                ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.
2.1.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі жолдары мен
      шарттары … … … … … . … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … 16
2.2. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін
арттыру … … … … . 20

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … . 24

Қолданылған әдебиеттер.
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … 25

Кіріспе.

Бастауыш білім– үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес
оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен
бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
өзіндік жұмыс істеу арқылы жан- жақты дамыту –бүгінгі күннің талабы.
Менің курстық жұмысымда мынадай тақырып қарастырылады: Сабақта өзіндік
жұмысты ұйымдастыру түрлері.Курстық жұмыс үш сұрақты қамтитын екі тараудан
тұрады.
Бірінші тараудың алғашқы сұрағында, оқушылардың өзіндік жұмыстарының
мәні туралы педагогикалық ой- пікірдің даму тарихы тақырыбы қарастырылады.
Көне грек ойшылы Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттердің танымдық
белсенділігі мен іздемпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап
көрсеткен еді. Сонау қайта өрлеу дәуірінде оқушылардың өз бетінше ойлауын
дамытуды ұсынып, іске асырған. Өзіндік жұмыс туралы Ф.Бекон, Ф: Рабле, Д.
Локк, Я.А.Коменский,Ж.Ж. Руссо, Д.Дидро,И.Г.Песталоций, А.Дистерверг және
тағы басқа педагогтар, психологтар мен философтардың еңбектерінде құнды
пікірлер айтылған.
Революционер – демократтардың педагогикалық теорияларында өз бетінше
тануды тәрбиелеуге үлкен мән берген. В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский
еңбектерінде өз бетінше танудың маңыздылығын көруге болады. Егер біздің
балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, -деп жазды ол,- өз
бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс (Чернышевский, 1940)
Сондай-ақ бұл тарауда оқушылардың өзіндік жұмысына көптеген педагог,
ғалымдардың атап айтсақ П.И.Пидкасистый, С. Л. Рубенштейн, К.Я.Геленд, Ю.
С. Пименов, Т.И. Шамова, Л.Ф. Жеребятъева,.Л. Толстой,Л. С. Выготский, Р.
Кузине, М.М. Мұқанов, А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтардың
келтірілген.
Келесі кезекте: Өзіндік жұмыстың маңызы мен міндеттері деген
тақырып қарастырылады. Бұл сұрақта жалпы белсенділік және дербестікті
ажырату қарастырылады. Қысқаша айтқанда , бұлар бір мағынадағы ұғымдар
емес. Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның
атқаратын функциясы мен міндеттерін атап көрсеттім.
Сонымен қатар, өзіндік жұмыс түрлеріне тоқталдым. Дидактикалық
мақсаттары бойынша, даралау бойынша, білім материалдары бойынша,
оқушылардың іздемпаздық дәрежесіне байланысты жіктеулерге сәйкес өзіндік
жұмыстың ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын
жұмыстың түрлеріне тоқталдым. Өзіндік жұмыстарды жеке оқу пәндерін оқытуда
Р. Сүлейменова, Қ. Бадрақовтың тәжірбиелерінен үзінді келтірілді.
Эстониялық ғалым – педагог О.А. Нильсон оқушылардың өзіндік
жұмыстарын ұймдастыру принциптері келтірілді.
Сондай –ақ Н. Сарыбековтың тәжірбиелік зерттеу жұмыстарын зерттеу
элементтері мен кезендері келтірілді.
Зерттеу объектісі: сабақта оқушылардың оқу – танымдық әрекетін белсендіру
процесі.
Зерттеу пәні :мұғалім- оқушыларды оқу процесінде өздігінен істейтін түрлі
жұмыс дағдыларына үйрету.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән- мағынасын,
міндеттерін, негізгі түрлерін психологиялық ерекшеліктерін және оларды
ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу болжамы: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің
басшылық әрекетін олардың талап – тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра
білуі қажет. Сонда мұғалімнің басшылық әрекеті кемімейді, қайта күрделеніп,
арта түседі. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы
жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды, басқалардан гөрі, оқуда
артта қала береді.
Зерттеу міндеттері: 1. Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау.
1. Оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Өзіндік жұмыс пен дербестік әрекеттің ерекшелігін белгілеу және олардың
арасындағы байланысты айқындау.
4. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге қойылатын талаптар мен шарттарды
сақтауы.

I-тарау. Оқу тәрбие процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудың ғылыми – теориялық негіздері.

1.1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой-
пікірлердің даму тарихы.

Афиндік философ Сократ оқу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеуінде және танымдық әрекетіне арнайы басшылық қажет деген ойға келеді.
Ол бірінші болып эвристикалық әңгімелер арқылы оқушылардың танымдық
дербестігін жандандыруда оқытудың арнайы әдістерін құрады. Сократ өз
оқушыларымен әңгімелесуде эвристикалық сұрақтар жүйесін ертерек тиянақтап
дайындаған. Сөйтіп ол танымдық дербестікті оқытуды жандандыру амалы ретінде
қарастырады. Кейін келе бұл идеяны ежелгі римдік философтар дамытады.
Оқушылардың өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытудың оқытудағы
әдістерінің негізін салған Я.А. Коменский. Оқушылардың оқуға деген
қызығушылығын арттаруда шеберлі мұғалімдер мен тартымды әдістер деп жазды.
Мен өз оқушыларымда білімді меңгеру барысындағы негізі ретінде өз бетінше
жұмысты бақылап- байқауда, сөйлеуде, практикада, қолданыста үнемі дамытып
отырамын- депті. Я.А.Коменский жаңа материалды түсіндірмей тұрып тақырыпқа
қызығушылығын ояту үшін әрі қызықты, әрі пайдалы бір мәлімет беруді, немесе
оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріп, бүгінгі мен өткенді өз бетінше
байлыныстыра алатындай жағдай тудыруды ұсынады.
XVII-XIX ғаырлар шенінде өздік жұмыстың теориясын дамытуда И.Г.
Песталоции мен А. Дистервергтің оқушылар танымының дербестігін оқытудағы
жандандыру құралы деген ойды тереңдететін көзқарастары үлкен рөл атқарады.
Песталоцийдің айтуынша әрбір сызық, әрбір өлшем, әрбір сөз, пісіп
толған бақылаудың негізінде туған сананың өнімі.
А.Дистерверг оқушылардың белсенді білім алуларында баланың танымдық
қызығушылығын дамытудағы икемділігі мен машықтарын қалыптастыруда танымдық
дербестіктің рөлін жоғары бағалаған. Ол оқыту процесінде ақыл-ой
қабілеттерін дамытудағы ең негізгі құралы ретінде баланың өз бетінше жұмыс
істеуі деп есептеген. Ол баланың қызығушылығында сезімдік танымға
құштарлығында байқалады. Заттармен біртіндеп танысу барысында сезімдерді
жаттықтыру керек әрі сақтау керектігін жазып өткен.
И.Ф. Гербарттың пікірінше оқытудың негізгі мақсаттарының бірі
танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Оның айтуынша, оқыту тым
жеңіл болмау кере, себебі аса жеңілділік іске зиян келтіреді.
Революционер – демкраттардың педагогикалық теорияларында танымдық
дербестікті тәрбиелеуге үлкен мән берілген. В.Г. Белинский оқытудың
индуктивтік әдістерін қалады, себебі ол оқылатын материалдың өз бетінше
түсіну машықтарын дамытуға себеп болады. Анализден синтезге көшу,
мысалдардан ереже шығару – бұл оқытуда нағыз пайдалы жүйе – деп жазды.
Өз бетінше танымның маңыздылығын Н.Г. Чернышевский еңбектерінде де
көруге болады. Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді болғылары келсе
– деп пайымдады ол, олар білімді өз бетінше жұмыстар арқылы алу керек.
Сонымен революционер – демократтардың еңбектерінде оқушылардың
өзіндік жұмысы екі жақты теориялық позицияда қарастырылады: а) тәрбиелеу
мақсатында, б) оқыту процесін жандандыру құралы ретінде. К.Д. Ушинский
балалардың ойлау заңдылықтарын негізге ала отырып мынадай тұжырымға келді,-
оқытуда білімді меңгеру барысында міндетті түрде оқушылардың өздік жұмысын
ескерііп отыру керек, себебі, өзіндік ойлар өз бетінше алған білімдерінен
шығады. Сонымен қатар оның айтуынша, оқыту процесінде оқушылардың өзіндік
деңгейін жүйелі түрде жоғарлатып отыру керек. Жаттығулардың жүйелілігі
мұғалімнің, оқушылар қабілетіне қарай орындап отырған жаттығуларына
қатысуынын байқалуы керек. Балаларда сөйлеу қабілеті дамыған сайын, оқытушы
оларға аз көмектесіп, тапсырмаларды өз бетінше орындай алатандай етіп
әзірлеу керек деп жазды. Орыстың ұлы педагогінің идеясын көптеген
әдіскерлер іске асырғысы келді.
Ф.И. Буслаев орыс тілін оқыту әдісіне оқушылардың өздік ойлауын
дамытуға көп мән берген.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының проблемаларын ХХ ғасырдың басында
прагматикалық педагогиканың өкілдері (Д. Дьюй, Б. Боунд, У. Килпатрих, Х.
Рагг) зерттеген.
Педагогикадағы бағыттың негізін қалаушы Д.Дьюй мектепте оқушылардың
ақыл-ой әрекетімен практикалық іс әрекетінің байланысының орнауын жақтады,
сонымен қатар ол ақыл –ойдың өздік жұмысының белсенділігінсіз таным жоқ
екенін айтып кетті.
С.Фриенің айтуынша әлемнің барлық педагогикалық оқулықтарына
қарағанда баланың бойында ақиқат көп болады, бала өз тұлғасын өзі құрайды;
ал мұндағы мұғалімнің қызметі оқушы бойындағы органикалық тән қасиеттерді
айқындауға көмектесу.
20-30 жылдарда француз педагогы Р.Кузиненің педагогикалық
көзқарастары кең тараған. Ол оқыту процесінде еркін топтың жұмыс әдісін
ұсынады, оның мәні оқушылар 3-5 адамнан топтар құрайды.Бұл топтарға мұғалім
белгіленген уақытқа тапсырмалар мен тақырыптар дайындайды. Тапсырмаларды өз
бетінше орындайды, мұғалім тек бақылайды, керек кезінде кеңес береді.
50-70 жылдарда әлеуметтік шарттарға және психология жетістіктеріне
байланысты бұл теория едәуір толқтырылды.
Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін құрал оқушылардың
өзіндік жұмысы болып табылады, бірақ мұғалім жетекшілік жүргізуі шарт екені
көптеген эксперименттер нәтижесінде дәлелденген.
Р.М.Микельсон: Өзіндік жұмыс мұғалімнің бақылауымен ешқандай
оқушылардың тапсырмаларды орындауы деп түсінеміз,
– деп жазған. Дидактикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыстың басқа да
анықтамалары бар. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмысы деп, максимум
белсенділікті қолданатын, шығармашылықты, өзіндік пікірі бар , талап
әрекеттерінің орындалуын – айтады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, ол белсенді процесс, ол мидың
аналитикалық – синтетикалық іс-әрекетіне қатысты өтеді.
(Б. П. Есипов ) Оқушыға өздігінен білім алу үшін оның мұғалімнің
қатысуынсыз орындайтын жеке тапсырмаларды орындау үшін арнайы уақыт бөлінуі
қажет. Оқушы оны сапалы түрде орындау үшін қабілетіне сай берілген есепті
ынталанып, ақыл –ойын толық жұмсап шешуге тырысуы керек. Ал П. И.
Пидкасистыйдың айқындауынша Өздігінен білім алу -өз бетінше жасайтын іс-
қимыл, өз іс- әрекетін ұйымдастыруы. Белгілі бір оқыту жағдайында өздігінен
білім алу, оқушыны тану процесіне жетелейтін және оны бекітіп, тиянақтаудың
ядролық рөлін атқаратын генетикалық талшық,- деп есептейді белгілі ғалым
П.И.Пидкасистый.
Жалпы педагогиклық және әдістемелік сұрақтарды жан-жақты
қарастырғанда оның психологиялық жағы оқу әрекетінің позициясынан аз
қарастырылған. Осы проблемаларды қарастырылуда алғы шарттарды анықтайық.
Біріншіден оқушының өзіндік жұмысы сабақтағы оқу
әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанының нәтижесі, ол оның бос уақытында өз
бетінше дамуын, ізденуін тудырады. Сондықтан да мұғалімнің ұйымдастырған
және басқарған оқу жұмысын меңгеруде өз бетінше әрекет тудыруда. Екіншіден,
берілген дәлелдемелердің жиынтығында өзіндік жұмыс үй жұмысынан кеңірек
мағынада берілген, яғни келесі сабаққа дайындалу үшін үйге берілген
тапсырмаларды орындау. Өзіндік жұмыс сабақтан тыс уақытта да жүреді.
Жалпылап алғанда қандай да болсын материалды қабылдауда оқушының сабақ
үстіндегі де, сабақтан тыс уақытта да өз бетінше жұмыс істеуі.
Үшіншіден, аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталған
өзіндің жұмыс оқушылардың оқу әрекетінің өзгеше түрі деп қаралу керек. Бұл
оқу әрекетінің жоғарғы түрі, сыныптағы оқушының жұмысымен байланысты өз
білімін көтерудің бір түрі. С.Л.Рубенштейн бойынша, нағыз өзбеттілік
әрекеттердің саналы себептілігін және олардың дәйектілігін ұйғарады.
Өзгелердің ықпалына және сендірулеріне көнбегендік қисық мінезділікке
жатады, ал ерік өзбеттеліктің нағыз көрінісі, себебі адамның өзі солай не
басқаша істеуге объективті негіздері қарастырылады.
Танымдық өзбетіншілік- бұл тұлғаның өздігінен білім алу нақышымен
және ең алдымен ұмтылысымен сипатталатын қасиеті, бұл өз алдына
өзбетіншелікті ақыл-ой сапасы ретінде қарастыру дегенді білдіреді.
Оқушылардың өздік жұмысы-өз бетінше ойлауының талабы, шығармашылықты
максимум белсенділігін көрсете отыра орындайтын іс-әрекеті,- деп Р.Б.
Среда айтып өткен. К.Я.Геленд, Өздік жұмыстың негізгі белгісі –
оқушылардың тапсымалардағы, ақыл-ой және практикалық әрекеттерінің
белсенділігінде ,- деп көрсетті.
Бақылау біліктілігін көрсету және практикада өз бақылауларын
тексеру, бақылаудан тұжырым жасау, оқытудың негізі болып табылады.
Ю.С.Пименов айқындауынша Өздік жұмыс – жан- жақты игеруде және
бағдарламалық білімдердің тереңділігінде, осының негізінде шығармашылық
ойлаудың нақыштарының дамуы мен жетілдіруінен радикалды меңгеруден
құралатын іс-әрекет.
П.И. Пидкасистый болса былай деді: Өздік жұмыс оқушылардың өз
бетінше әрекетін ұйымдастырудың амалы ғана болып табылады.
П.И. Пидкасистый: Өзіндік іс-әрекеттің мәнін бейнелейтін негізгі
белгісі – оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істеуі емес, оның дидактикалық
дәреже ретінде көрінуі, оқушы әрекетінің мақсаты, сонымен бірге өзінің сол
әрекетті басқару қызметін білдіруінде ,- деді. Өзіндік жұмыс – оқушының,
сәйкес оқу тапсырмаларын орындауда белгілі бір әректтің тәсілін көрсететін
түрі- деп М.Г.Гарунов пен П. И. Пидкасистый жазды.
Ал философиялық сөздіктерде өздік жұмысқа мынадай анықтама берілген:
Өз бетінше білім алу білігі – оқулықпен жұмыс істеу үшін, талдау
үшін, құбылыстар мен заттарды сәйкестіру мен салыстыруға, деректер мен
түсініктерді жүйелеуге және жалпылауға қажет психологиялық және практикалық
әрекеттердің негізі.
Т.И.Шамова: Оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту және дамытудың
қолайлы жағдайы мұғалімнің оқу материалын дайын түрде беруі емес, керісінше
оқушының өздік іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады,деп жазды. Ал
Жеребятъева Л.Ф. өз еңбектерінде: Оқушылардың сонда –ақ студенттердің
өздік жұмысы, бұл ықпалдасты дидактикалық дәреже, ол оқыту мақсатымен қатар
қойылатын оқытудағы әректтердің жүйесін бейнелейді, деп жазды.
Баяндалып өткен материалдың көбі арнайы жүүргізілетін жаттығу
жұмысында, не өзге жағдайда мысалы, үй тапсырмасын орындау кезінде
бекітіледі. Жаттығу үстінде тиісті мағлұматтар оқушының есінде сақталғыш
келеді. Өйткені мұнда оқушы өздігінен көп жұмыс істеп, оқу материалын өз
бетімен төсілетін болады,- деп Мұқанов М.М.жазды.
Л.Н. Толстой балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге соның ішінде
шығарма жазуға көп көңіл бөлді.
Педагогика ғылымын жаңа биік сатыға көтере білген Н.Константиновна
оқушылардың өз беттерінше атқаратан жұмыстарын ұйымдастыруды тәжірбиелер
жасауды айрықша атап көрсетті.
Қазақтың көптеген педагог ғалымдары да А.Байтұрсынов , Ы.Алтынсарин,
М.Жұмабаев, Ж: Аймауытов,С. Көбеев балалардың танымдық белсенділігін
дамытуда құнды пікірлер айтты.
А.Байтұрсынов пікірі бойынша бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алуы
керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің шеберлігі ұзақ жолды қысқарту
үшін, ол жолдан балалар қиналмай өту үшін, керек білімді кешіктірмей,
кезінде беріп отыру үшін, бала жұмысты әліне қарай шағындап, беру мен бетін
белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек.
М. Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз
бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Ол: бала заттарды,
көріністерді ұқсас сындары бойынша тап- тапқа бөліп үйренсін. Жеңілден
ауруға көшуді естен шығармауға, керек көріністерді, ойлардың араларындағы
байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға
мысылдардан ереже – заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады, – деп
жазды.

1.2. Өзіндік жұмыстардың маңызы мен мінгдеттері
Оқушылардың өзіндік жұмысы деген не? Бұл туралы педагогикалық және
методикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар кездеседі.
Қейбір авторлар өзіндік жұмысты оқыту әдісінің бірі деп қараса,
екіншілері оны оқыту принципінің бірі деп есептейді. Бүл дүрыс пікір емес.
Оқушылардың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның
себебі: мұндай жұмыстардың өзі әр түрлі әдістер аркылы іске асырылады,
мысалы, жаттығу, кітаппен жүмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент
жүргізу тағы басқалар.
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің
міндеті — оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге
баулу. Өзіндік жұмыстың өз алдына оқыту принципі бола алмайты-нының тағы
бір себебі — оның өзі баска принциптерге тәуелді: дәлірек айтқанда, білім
алудағы оқушылардың белсенділігі мен саналылығы атты принцип, ең алдымен,
оқушылардың дербестігін, өздігінен оқу, білім, алу дағдысын қалыптастыруды
талап етеді. Сондьіқтан олардың өзіндік жұмысы оқу әрекетінің бір түрі
ғана.
Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден материалдық,
рухани тағы басқалардан туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру
үшін адам белсенді әрекет жасауға тиіс. Оқушылардың, таным әрекеті білім
алу қажетімен ұштасып жатады. Осыған орай, олардың, д е р б е с т і г і, ең
алдымен, белсенділікке байланысты, ал белсенділік дербестікті керек етеді
және оқушының өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл
екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар.
Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік,
дербестікке қарағанда, мағынасы кең ұғым.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз — оқуға қажетті білім мен
дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге үйренуге
оқушының істейтін саналы әрекеті. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған
материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы; ал одан алған
білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе
жасауы, жазу-сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды
саналы қайталау да, жаңадан білім алу да, оның жолдары мен дағдыларына
үйрену де белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі ауызша,
жазбаша жұмыстарда, бақылау, экспе-римент жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен
айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңінде қажет.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта
болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз — оқушы әрекетінің сыртқы көріністері
белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып
қарауы, мимикасы тағы басқалар. Бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап
отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл
қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы- мүмкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да оқушының ой дербестігіне
сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін
жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой
дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды,
оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай
орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық тағы
басқалар белсенділік) түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және
оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу тағы басқа белсенділіктері.
Осы айтылғандардан шығатын қорытынды: оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту
әдісі де, оқыту принципі де емес, ол — оқушының оқу әрекетінің күрделі бір
түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады.
Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру
қажет. Бірден ескертетініміз: ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана
белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары
мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың
және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
дербестігінің, мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі,
оған әсер ететін мотивтер тағы басқалар.
Осыған орай, оқушылардың өзіндік жүмысын арнайы бөлінген уақыт ішінде
мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс деп айту
жеткіліксіз. Мұндай анықтамада оны ұйымдастырудың негізгі белгілері
көрсетілмеген. Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және
оқушылардың дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы — осы жұмысты
ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.
Оқыту процесі — екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік
жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың
дербестігін, олардың қызығып, өз ықыласымен жасайтын әре-кетін де керек
етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг,
М. Н. Скаткин, В. А. Занков тағы басқалар) оқушылардың өзіндік жұмыстарының
негізгі ерекшелігі — олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына
байланысты деп санайды.
Жоғарыдағы авторлардың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысына,
мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін
анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар
оқушылардың өзіндік жұмысының, жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа
амал-тәсілдер қолданып жасайтын творчестволық жұмыста-рын жатқызады. Бұдан
шығатын қорытынды: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің
басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай үштастыра
білуі қажет. Сонда мұғалімнің басшылық әрекеті кемімейді, қайта күрделеніп,
арта түседі, және мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдәстемелік шеберлікті
талап етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның
атқаратын функциясы мен міндеттерін атап өткен жөн. Олар:
1. Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Оқушыларда оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
5. Оқушыларды сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.
6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгірмеушілікті болдырмауға
әсер ету.

1.3. Өзіндік жұмыстың түрлері
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды топтастыру
— өте күрделі мәселе. Осы күнге дейін педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттерде көпшілік мақұлдаған бұл жұмыстарды топтастыру немесе
классификациялау жүйесі жоқ. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын
топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескермесе болмайды.
Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту
әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму
дәрежесіне, оқыту процесіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде
немесе өз еркімен істейтін жұмысына тағы басқа белгілеріне қарай олардың
өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады.
Оның ең жиі кездесетін бір тобы — сабақ мақсатына қарай қолданатын
жұмыстың түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің
ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау тағы басқа тәсілдерге
үйрену);
ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару тағы басқалар).
б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша,
графикалық, практикалық тағы басқа жұмыстар).
Оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы
болғандықтан, В. А. Сухомлинский оқушылар оқуға қажетті білім пен дағдылар
жүйесін меңгеруі қажет дейді. Оның пікірінше, мектепте он жыл жемісті оқу
үшін, оқушы міндетті түрде, мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
1) сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу;
2) ойлай білу: нәрселерді салыстыру, қарама-карсы қою, түсініксіз
нәрсеге жауап іздеу, таңырқау;
3) оқушының, көргенін, байқағанын, істегенін, ойын тұжырымдап айта
білуі;
4) жылдам, мәнерлеп, саналы түрде оқи білу;
5) жылдам және дұрыс жаза білу;
6) оқыған материалдың мағынасына қарай логикалық бөліктерін айыра
білу, олардың өзара байланыстарын ажырату;
7) өзіне керек кітапты таба алу;
8) өзіне керекті мәселеге тиісті материалды кітаптан таба алу;
9) материалды оқу- үстінде мәтінге алғашқы логикалық талдау жасай
білу;
10) мұғалімді тыңдай білу және оның әңгімесін қысқаша жазып алу;
11) мәтінді оқи отырып, мұғалімнің сол мәтінмен қалай жұмыс істеу
туралы берген нұсқауларын ескере білу;
12) көрген-білгендері туралы шығарма жаза білу.
Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда олар
ойдағыдай оқи алмайды, оқуға үлгірмейтін, тіпті оқығысы келмейтін де
жағдайға ұшырайды деп ескертеді В. А. Сухомлинский.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым және оқыту
әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады:
оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттері мен
жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау эксперимент, экспедиция
археологиялық зерттеулер сияқты. Мысалы, Н.Дайри тарих сабағында оқулардың
өзіндік жұмыстарының мынадай түрлерін қолдану пайдалы деп есептейді:
1. Проблемалы логикалық тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар арқылы оқу
материалының негізгі мән-мазмұнын (табиғат пен қоғам құбылыстарының себеп-
салдарлық байланыстарын) түсіну мақсаты іске асырылады. Оқушылар тапсырманы
мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде, оқулықпен, тарихи
документтермен және көрнекі құралдармен жұмыс істеу негізінде орындайды.
2. Оқушыларды ғылымның кейбір әдістерін қолдануға үйрету.
3. Алған білімді қайта қорыту, қайта жасау, кайта өзгерту әрекетіне
үйрету (жоспар, тезистер құру, конспект жазу, бір мәселеге байланысты
бірнеше әдебиеттерді пайдаланып, хабарлама, баяндама жасау, олардың
мазмұнын жақсы меңгеріп, өз сөзімен айтып беру тағы басқалар).
4. Бағалай білу әрекеттеріне үйрету. Бұған оқушылардың өздерінің
ауызша берген жауаптарына, жазба жұмыстарына, диспутта сөйлеген сөздеріне
баға беру жатады.
5.Алған білімді практикада, қоғамдық пайдалы жұмыстарда қолдану
(ғылыми білімдерді тарату, өлке тану жұмысы).
Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен
істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып арнайы екі топқа
бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу
негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген
сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы
мәтінммен жұмыс істеу, сабақта шығарылған есеп типтес есепті үйде шығару
тағы басқалар) жатады.
Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат,
рецензия, көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық жұмыстар жасауы тағы
басқалар жатады. Әрине, репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара
байланыста болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады. Мысалы, ана тілі
сабақтарында мұндай жұмыстар мынадай бағытта іске асырылады:
1. Жай жоспардан түрлі тақырыптарға шығарма жазуға дейін. шығармашылық
шығармадан оқушылардың өз шығармашылығына дейін.
2. Көркем мәтінді қарапайым талдаудан мазмұн мен форма бірлігінде
тұтас талдауға дейін.
3. Оқулықпен істейтін қарапайым жұмыстан қосымша екі-үш әдебиетті
қатар пайдаланып, өздігінен жұмыс істеуге дейін.
4. Оқыған көркем мәтін үзінділерінің мазмұнына жай жоспар жасаудан
лекция жоспарын жасап, конспект, тезис, реферат жазуға дейін.
5. Мұғалімнің сұрақтарына жауаптан баяндама, диспутқа дейін.
Төртінші топқа — мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес,
оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша
әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардьщ жұмысына араласып,
конкурс, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат,
көпшілік мәдени-ағарту, өлке тану жұмыстарымен шұғылдану тағы басқалар.
Оқушылардың бұлардан басқа өзіндік жұмыстарының жеке оқушының түгел
сынып болып немесе топтарға бөлініп әрекеттенуіне қарай дара және
фронтальды формалары болады. Осыған орай оның ұйымдастыру формасын жеке
және фронтальды деп топтастыруға болады. Эстониялық ғалым-педагог О.А.
Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай
топтастырады:
1. Психологиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты).
2. Психологиялық-дидактикалық (оқушылар жасайтын әрекетке байланысты).
3. Дидактикалық (жұмыстың атқаратын функциясына байланысты).
4. Дидактикалық-әдістемелік (проблемалы тапсырмалардың дәрежесіне
байланысты).
5. Әдістемелік (берілетін хабар қандай құралдар, жағдайлар негізінде
берілуге байланысты);
6. Ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты);
7. Ұйымдастыру принципі (жұмысты ұйымдастыру формасына, байланысты).
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту
процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті.
Және оның бір ерекшелігі — оқыту процесінің барлық кезеңдерінде (жаңа білім
беру, оны бекіту, қайталау, бақылау және тексеру) қолдануға болады.
Енді өзіндік жұмыстарды жеке оқу пәндерін оқытуда қолдану
ерекшеліктеріне тоқталайық. Р. Сүлейменова, Қ. Бадырақов } қазақ әдебиетін
оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын пайдалану туралы құнды пікірлер
айтып, оларды практикада қолданудың тиімді жолдарын көрсетеді. Мысалы,
жоғары сыныпта әдебиет пәнін оқытқанда оқушыларды мынадай жұмыстарды
орындауға үйрету пайдалы:
1. Оқу (түсіндірмелі, мәнерлеп, рөлдерге бөліп оқу), жаттау, баяндау
(мәтінге жақын шығармашылық), суреттеу, хабар-таныстыру, сұрау-жауап тағы
басқаларт. Бұлар көбінесе ауызша жүргізіледі.
2. Жоспар (жай, күрделі), тезис, конспект, талдау, шығарма, баяндама,
аннотация, рецензия, суреттеме, мақала, инсценировка, әдеби монтаж тағы
басқалар. Бұлар жазбаша жүргізіледі. Осы жұмыстарды түрлендіріп,
күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыруға
болады.
Қ. Бадырақов қазақ … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз