Бишімбаевтың сотына журналистер неге кіргізілмеді: Балаева пікір білдірді

0

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына журналистердің кіргізілмеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ведомство басшысы министрліктің әрқашан журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және объективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті.

Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады, — деп жазды А. Балаев.

Министр БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектіні, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды.

Еске салсақ, кеше сот залына кіре алмаған журналистер полиция шақырған болатын.

Бишімбаевтың ісі бойынша негізгі сот талқылауы 27 наурызда болады. Процесс алқа билердің қатысуымен өтеді. Сотталушыларды қамауда ұстау мерзімі алты айға ұзартылды.