Бірыңғай электрондық әмиян құрылады
Бүгінгі күні салық төлеушінің және оның мүлкінің тіркеу есебін тексерместен жеке шоттарға төлемдерді автоматты түрде төлеу бойынша жүйелі функционал қарастырылған.
Яғни, салық төлеуші деректемелерде қате жіберген жағдайда (салық кодын, төлем кодын немесе салықтық басқару кодын дұрыс көрсетпесе), онда жүйе салық төлеушінің өтінішінсіз автоматты түрде төлемді дұрыс деректемелерге жібереді, яғни автоматты есептеуді жүзеге асырады.
Алайда, есептеу операциялары мен тексерулер көлемінің көп болуына байланысты жүйе тұрақты жұмыс істемейді және автоматты есептеуді тез жүргізуге мүмкіндік бермейді. Осы проблеманы шешу үшін МКК 2019 жылы серверлік қуаттылықты күшейту үшін жұмыстар жүргізетін болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызмет көрсету саласында лидер болып табылатын Эстонияның тәжірибесі бойынша салық төлеуді түбегейлі жақсарту жоспарланып отыр. Салықтарды төлеудің бүкіл процесі қайта қаралып жатыр және Бірыңғай электрондық әмиян құру арқылы электронды салық төлеу қызметтеріне көшу жоспарлануда.
Салық төлеуші үшін оның борыштары мен бюджет алдандағы міндеттемелері туралы барлық ақпарат E.gov порталындағы бір терезеде жеке кабинетінде көрсетіледі. Төлем бірыңғай деректемелерде жүргізіледі, яғни жүйе Бірыңғай электрондық әмиянға келіп түскен төлемді салықтық міндеттемелер туындаған тиісті салаларға (декларациялар, есептер, тексеру актілері, уәкілетті органдардың мәліметі) автоматты түрде жібереді. Яғни, төлем тіркеу орны немесе мүлік орналасқан жеріне қарамастан, ЖСН бойынша автоматты түрде жасалады. Осылайша салықты қате төлеу жойылады.
Дереккөз: http://egemen.kz/