Біртанов «2 студент коронавирус жұқтырды» деген ақпаратқа түсініктеме берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Денсаулық сақтау министрі арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, коронавирусқа қатысты фейк ақпараттарды атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінде кейбір өңірде ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастар түсті деген фейктер таралып жатыр. Ол өтірік. Осы уақытқа дейін елімізде коронавирус бойынша бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Бізде ондай науқастар жоқ», – деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.  

Министрдің айтуынша, вирустық инфекциямен ауруханада жатқан азаматтар бар. Олардың бәрі профилактикалық мақсатта бақылауға алынған.  

«Мәселен, Батыс Қазақстанда екі студент коронавируспен ауруханаға түсті деген ақпарат тарады. Бұл – фейк. Семей мен Алматыда осындай ақпараттар тарап жатыр. Оған сенбеңіздер», – деп атап көрсетті Біртанов.

Министр ресми ақпарат көздерінен, сондай-ақ, арнайы байланыс орталығынан мәлімет алуға кеңес берді.

«Бұл нақты дерек»: дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды

Айта кетейік, кешегі баспасөз мәслихатында бас санитар Жандарбек Бекшин Қызылорда, Алматы мен Жамбыл облыстарында тараған ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзіне қарағанда, осы аймақтарда Қытайдан келген отандастарымыз бақылауға алынған. Олардан коронавирус табылған жоқ. Біреуі вагонның терезесін ашық қалдырып, пойызда тұмауға шалдықса, енді біреуі өткір респираторлық вирусты инфекциямен бақылауға алынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз