бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

0

Бірнеше өңірде жауын-шашын болып, қатты жел соғады, ал басқа облыстарда түнде үсік жүріп, ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Синоптиктер жеті облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады. 

3 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Түнде 3 мамырда Қостанай облысының кей жерінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде кей жерде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

4 мамырда Ақтобе облысының ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.

4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.

4 мамырда Павлодар облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін томендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.

5 мамырда Шығыс-Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін томендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 3 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Елордада түнде 4 мамырда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градус аязға дейін төмендейді.



sputniknews.kz