Бірнеше облыста қатты аяздан жол жабылды

0
73

Астанада және бес облыста аяз күшеюінен бірнеше кейбір бағыттағы жолдар жабылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің төтенше эжағдайлар комитеті «Қазавтожол» мекемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Астанада 24 желтоқсанның кешінен бастап Астана-ерейментау-Шідерті жолының 16-206 шақырымында барлық көлік түрлеріне және барлық бағыт бойынша дизельмен жүретін көлік пен қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

Ақмола облысында 24 желтоқсанда сағат 20-дан бастап республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай жолының Бесқарағай ауылынан бастап Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабылды.

Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздан республикалық және облыстық маңызы бар барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Қарағанды облысында Қызылорда-Павлодар жолының Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Дереккөз: Азаттық