“Біреу бірдеңе тығып ала ма деп…” — Дариға Бадықова неге күзетпен жүргенін ашық айтты

0

Бұл туралы актриса «Aq pen Qara»подкастына берген сұхбатында айтты. Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барған танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай елдің сынына қалған еді.

“Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер» демедік. Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек иә. Мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Айтуынша, оны екі түрлі бағытта шығарған.  «Батыс жабайы» деп. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы жанашыр”, — дейді Дариға Бадықова.

Актриса ауылға бұрын әншілер келгенде, өзінің де артынан жүгіргенін жасырмады.

“Мен де кішкентай кезімде ауылға әнші келсе, жармасып, жүгіретін едім. Мысалы Америкада әртістер күзетшімен жүрсе оң көзқараспен қарайды да, неге өзіміз де сондай болып жатса, қуанбаймыз?» — деді актриса.

ақпарат: /Smartnews.kz