Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық музей экспозициясынан алып тасталды

0

Астанадағы Ұлттық музей экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде орнатылған.

“Менің арманым – Қазақстанның «Мәңгілік Ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ Тәуелсіздік қалады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев».

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мүсін бірнеше күн бұрын алып тасталған.

фото: tengrinews.kz