Бір уақытта екі еркектен жүкті болған әйел бір ұл, бір қыз туды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

16 0 0

Гей жұп ЭКО-ның арқасында суррогат анадан бір ұл, бір қыз сүйді

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Ұлыбританияда гей жұп суррогат анадан қос перзент сүйді, әйелді ер адамдардың екеуі де қатар ұрықтандырған, деп хабарлады The Mirror.

Саймон мен Грэм Берни-Эдвардс алғаш танысқан сәттен бастап отбасын құрып, балалы болуды армандаған екен. Сөйтіп, олар Лос-Анджелестегі ЭКО емханасының көмегіне жүгінеді. 32 жастағы Мег Стоун ер азаматтардың балаларына суррогат ана болуға келісімін береді. Бұл қызметі үшін әйелге 25 мың фунт стерлинг (12,5 миллион теңгедей) төлепті.

Гей жұп бастапқыда болашақ сәбидің биологиялық әкесі кім болатынын шеше алмай қояды, бірақ дәрігерлер процеске екеуі де қатыса алатынын айтып қуантыпты. «Эмбриондардың жартысын мен, екінші жартысын Грэм ұрықтандырды», — дейді Саймон.  

«Мег бәрін ойдағыдай атқарды. Шын мәнісінде, бір дегенде екі еркектен бала көтерді», — дейді 43 жастағы ер адам қуанышын жасыра алмай, — ЭКО-ның кереметінің арқасында аңсаған арманымызға жеттік».

Саймон мен Грэм үйленген соң, бал айын өткізуге Канадаға барып, жүктіліктің бесінші айында жүрген Стоумен танысыпты. Араға төрт ай салып Александра есімді қыз бен Колдер есімді ұл аман-есен дүниеге келді. Бүлдіршіндер әкелерінің аузынан түсіп қалғандай.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/