«Менің қолымнан бәрі де келеді» тренингі /ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған/

0
573









«Менің қолымнан бәрі де келеді» тренингі /ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған/

Автор: Шалғынбаева Мөлдір Қамбарқызы

Бағыты: Психология Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-28


Материал туралы қысқаша түсінік

Тренинг ойыны ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған. Олардың қабілетін ашу, қарым-қатынасқа түсуді жақсарту




«ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Менің қолымнан бәрі де келеді»

(ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған тренинг)

Өткізген: М.Шалғынбаева

2018-2019 оқу жылы

Тренинг тақырыбы: «Менің қолымнан бәрі де келеді» (ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған тренинг ойыны)Тренинг мақсаты: ерекше білімді қажет ететін балаларға бойларындағы қабілетін аша білу, бірі –бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету;Психолог сөзі: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Көңіл- күйлеріңіз қалай? Шаршап отырган жоқсыздар ма? Қазір сіздерге  әртүрлі ойындар жүргіземін. Қалай ойнағыларың келе ме? І жаттығу:   «Джунглидегі жаңбыр»Мақсаты:  Иық. мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.Уақыты:  10 минутНұсқау:  Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда  өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа  қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқағабатырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын  басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан  кейін  жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлықсаусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.ІІ жаттығу.«Жұмсақ» ойын (жұмсақ ойыншықтар арқылы баланың немесе тұлғаның сол ойыншықты өзіне ыңғайлы түрде қолданып. Қандай сезімде болғандығын жеткізіп айту).ІІІ жаттығу. «Сенемін-сенбеймін» ойыныМақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып,былай деп айтады:— Піл ұшу біледі;— Құстар апанда ұйықтайды;— Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.ІV жаттығу. «Менің – қабілетім, еңбегім»(оқушылардың қолына  әртүрлі ермексаз, түрлі –түсті қағаздар, бояу, жұмсақ маталар т.б. қолдан жасайтын құралдар беріледі. Әр оқушы өзінің қолынан не келетінін, не істей алатынын көрсету).V.Жаттығу.  Релаксация.Уақыты: ( 5-мин. ).Мақсаты:Қатысушылардың   көңіл – күйін  көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшық  еттерінің шаршағандығын  басу.-Ал, қазір сәл бой жазып алайық, ол қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты,мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады. Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңіздіжұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасылалаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар… Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті. Оның  шуақтары сіздің басыңызды  жұмсақ және еркелетіп  қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың  бәрі ериді, оның бәрі тазартылған  жарықпен толтырылады. Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ ел  тез қуады, ол сіздің  денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.Талдау: Қалай тренинг ұнадыма?Қандай әсер алдыныз?Әр қайсысы өз ойын білдіреді.Қорытынды:Психолог сөзі: -Оқушылар, бүгінгі ойынымыз ұнады ма?-Жарайсыңдар, ойынның жақсы болуы сендердің арқаларыңда екендіктерін  ұмытпаңдар.Әрдайым көңілдерін бүгінгідей шуаққа  толы болсын!(Оқушылардың көңіл – күйлерімен бөлісіп, жасаған жұмыстарын талдап, ойларымен бөлісіп,еңбектерінен көрме жасақтау).







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.