«Бір сәтте жатып қалдым». Қайрат Нұртастың әйелі ауруы туралы ашып айтты
Қайрат Нұртастың әйелі, «Әлем ханымы — 2020» Жұлдыз Әбдікәрімова ауруы туралы сөз қозғады.
Ол бұл туралы Instagram-stories-інде айтып берді. Актриса дәрігерлерге қаралып, ем алған.
Оның мойын омыртқасы ығысқан.
«Бастапқыда өзімнің ауруым туралы айтқым келмеді. Бірақ кейін желідегі оқырмандарымның неге көрінбей кеткенімді білуге құқығы бар деп шештім. Денсаулығым сыр берді. Бір сәтте жатып қалдым, мойнымды бұра алмадым», — деді ол.
«Әлем ханымы» мануалиске 10 күн көлемінде қаралған, әрі қарай да ем алмақ.
«Мойнымдағы бандажды тағы бір апта тағуым керек, кейін дәрігер оны шешуге бола ма айтады», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Ол анализ бен зерттеу қағаздарын көрсетті. Актриса омыртқасының мойын тұсын, бас миын МРТ-ге түсірген.
«Уайымдамаңыздар. Қазір жағдайым жақсара түсті. Жұмыс істей аламын. Декретте отырған әйелдерге жобаға кірісуді уәде еткен едім. Мұны міндетті түрде жүзеге асырамын. Жоба дайын, тек жүзеге асыру қалды. Дендеріңіз сау болсын. Ауырмаңыздар, өздеріңізге қамқор болыңыздар. Денсаулыққа бей-жай қарауға болмайды», — деп қосты Қайрат Нұртастың әйелі.