Енді қазақстандықтар атын латын қарпімен жаза алады

0
949
Фото: 365info.kz

Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы мәденииет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды.
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына тоқталды.

«Абай институты» атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Сондай-ақ, азаматтардың аты-жөнін латын негізді әліпбимен жазу ережелері әзірленеді», – Дәуешов.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады.

Вице-министрдің айтуынша, 2021 жылы президенттің «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» жарлығына да өзгерістер енгізіледі.

Айта кетейік, қаңтардың аяғында премьер-министр Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған.