«Бір қолын көтеріп туылды»: Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы бесінші баласының ерекшелігі жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында бесінші мәрте ана атанған Мөлдір Мұқанова перзентханаға түскенде жүрексінгенін жасырмайды. 35 жасқа келгендіктен, қалай болар екен деп қатты уайымдаған көрінеді. Мұны көрген Тұрсынбек те алдағы уақытта келіншегін қинамауға уәде беріпті. 

"Бір қолын көтеріп туылды": Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы бесінші баласының ерекшелігі жайлы

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Тұрсынбек екеуміз перзентханаға кірдік. Ол серіктес болмаса да, менімен бірге барды. Жалпы УЗИ-ге баруға қорқатын адам ғой. Кіріп бара жатқан кезде екеуміз еңіреп жыладық. Адамға түрлі ой келеді екен. Қазір енді 35 жастамын, жасырмаймын. Үйде 4 бала бар, қандай жағдай болады, аман-есен перзентханадан шығамын ба деген сияқты қорқынышты ойлар да болады екен. Екеуміз қоштасқандай болып, құшақтасып жыладық. 5-6 сағаттан кейін босандым», — деген Мөлдір бүгінде ұлының 2 айдан асқанын, денсаулығы жақсы екенін айтады.

Перзентхананы бір айналып келіп: «Бәрі жақсы ма? Денсаулығың дұрыс па? Енді қинамаймын сені, осыдан кейін тоқтатайық», — деді Тұрсынбек», — деп күлкімен еске алды Мөлдір Мұқанова.

Сәбиге Райымбек батырдың есімі берілген. Бұлай деп Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов қойған екен.

«Елдің бәрі Райымбек батыр деп сөйлейді. Өзі де ерекше, бір қолын көтеріп туылды. Абылай хан солай туылыпты, қаншылықты рас-өтірік білмеймін, тарихта солай бар екен. Соған қарағанда, батыр, елім, халқым дейтін азамат болады деп үміттенемін. Бұл баланың тағы бір ерекшелігі, жүкті кезімде екі күннің бірінде елбасын түсімде көретінмін. Бақытты боп оянамын. Осы күні ол кісіні теледидардан көрсем, өзімнің ағамның көргендей боламын. Өйткені 9 ай бойы президентті түсіңде көру деген мүмкін емес. Біз қазақ жақсыға жоримыз ғой»,-  дейді Мөлдір Мұқанова. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz