Бір-бірін жастықпен ұрған Қайрат пен Жұлдыз ел талқысын тудырды (видео)
Бүгінде бала-шағасымен Түркияда демалып жатқан Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды, деп жазады kznews.kz тілшісі.
Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен демалысы кезінде түскен видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда ерлі-зайыптының бір-бірін жастықпен ұрып жатқанын көруге болады. Белгілі болғандай, жұлдызды жұп желіде кеңінен таралған ойынды ойнаған. «Бір-біріміздің ашуымызға тимей жүрейік. Түнде күліп ұйықтаңыздар», — деп жазды актриса.
Желі қолданушылары көпбалалы ата-ананың бұл әрекетін бірден қызу талқылап, өз пікірлерін айтты. «Мистер и миссис Смит секілді», «Осылай ойнап күліп бірге жүріңіздерші. Қайрат екеуіңіздің бұрынғы махаббатқа толы жазбаларыңызды, стористарыңызды сағындық», «Қайрат аямай ұрады ғой. Жұлдызға жаным ашып кетті», «Өлдім күлкіден, ертең біз де ойнаймыз», «Шығармайтындары жоқ», «Бақытты болыңыздар. Жұптарыңыз ажырамасын. Бірақ мынадай қауіпті ойын ойнамаңыздаршы», — деп жазды олар.