Арыстанбек Мұхамедиұлының тергеу сотына БАҚ өкілдерін қатыстырмады

0
949

Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі, ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алуды ұзарту жөніндегі тергеу соты басталды.

Бұрынғы мәдениет министрі сот отырысы барысында ешқандай мемлекеттік құпия жарияланбайтынын мәлімдесе де отырысқа журналистерді қатыстырмады.

«Қазір мені бюджет қаражатын ұрлады деген бап қана қарастырылып жатыр. Мен соттың әділ өтуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының процеске қатысуын сұраймын» деп келтіреді Toppress.kz бұрынғы министрдің сөзін.

 

Алайда сот прокурордың тілшілердің сот залында жарияланған ақпаратқа қол жетімді болмауы туралы өтінішін қанағаттандырды.