Білім министрлігі жаңа ереже дайындап жатыр: кімдер ҰБТ-дан босатылады

0
16

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ҰБТ-дан босату жоспарланып отыр, ең алдымен жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі бұрынғы дәстүрді жаңғыртып, жоғары жетістікке қол жеткізген мектеп оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуден босатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кеткен жөн, 2016 жылға дейін республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылып, кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсыра алатын. Тәртіп бұзушылықтар тіркелгеннен кейін ол норма алынып тасталды.

Педагог мәртебесі: мұғалімдерге қосымша ақы қалай төленеді?

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, алдағы уақытта осы ынталандыру тетігін қайтару жоспарланып отыр. Алайда халықаралық олимпиадалардың нақты бір тізімі болады.

«Біз халықаралық олимпиадалардың тізімін бекітеміз. Оған шамамен он олимпиада кіреді. Сосын жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі. Маңызды әрі еліміздің имиджін көтеретін олимпиадалар іріктеледі», – деді Асылова журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Педагог туралы» заңда халықаралық олимпиада, спорттық жарыс мен конкурс жеңімпаздарын және жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерді ынталандыру шаралары қарастырылған. Сыйақының көлемі үш қызметтік еңбекақыны құрайды.



sputniknews.kz