Білім министрі қашықтықтан оқыту үдерісінің кемшіліктерін атады — Қазақстан жаңалықтары

0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

онлайн оқу«1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2 жарым миллион оқушы бұл сабақтарға қатысты. Bilimland, Kundelik, Skype және т.б. платформалар арқылы сабақтар өткізілді. Біз мұны әдейі ұйымдастырған болатынбыз.  Ондағы мақсат — кемшіліктерді бақылау,  техникалық ақауларды анқытау және балалар мен ата-аналарды икемдеу. Нәтижесінде жақсы дайындықты көрдік. Осы тұрғыда ұстаздарға алғысымды жеткізгім келеді. Балалар да жақсы қабылдады.

Десек те бұл тұста қашықтықтан оқыту үдерісінің кемшіліктері де байқалды. Онлайн оқыту, көп қолданушылардың желінің пайдалануын көтермейді, басқа да көп ыңғайсыздықтар болды. Оны біз сынып сағаты кезінде де, ата-аналармен болған жиналыстар да көрдік. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады. Сол себепті осы жағдайды түзеуті үшін қашықтықтан оқытудың басқа да тетіктеріне ауысымыз қажет», — деді Аймағамбетов. 

stan.kz