Білім министрі: «Балаларымызға өзіміз жауаптымыз», деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе — Қазақстан жаңалықтары

0

Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрі балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын пайдамен өткізу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сіз мұғалімдерді қинап, оқушыларды білімінен айырдыңыз: Білім министріне сын айтылды

«Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мәселесі өте маңызды. Бұл ретте, есімізден бір мәселе шықпауы тиіс, бастысы — балалардың денсаулығы. Өңірлердің өздері эпидемиологиялық ахуалға сәйкес шешім қабылдайды. Қауіпсіз болса ғана мәселені шешу керек. Балаларды қалай болса да сауықтыру орталығына жіберу қажет деген сөзді ешкім қозғап отырған жоқ. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылсын», — деп айтты Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрлігінің отырысында.

Оның айтуынша, жылда ұстаздар ата-аналардан әртүрлі қолхат алу керек екен.

«Ол қаншалықты дұрыс? Ата-аналар онсыз да өз балалары үшін жауапты. Ешқандай қолхат қажет емес. Жаз айында мұғалімдер демалуы тиіс. Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе. Оны тоқтауымыз керек. Бұл мәселені мектеп басшыларына жеткізген абзал», — деді ол.

stan.kz