Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Білім министрі жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстандық оқушылар 17 тамыздан бастап екі апталық дайындық курсынан өте алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті.

«17 тамыздан бастап мектептерде жазғы мектеп форматында екі апта дайындық шарасы өткізіледі. Өңірлер бұл жұмысты бастап кетті. Бұл жұмысты ұйымдастырғанда, біз балаларға өз еркімен қатысу мүмкіндігін беруіміз керек. Сондықтан мәжбүрлеп, бәрі жазғы мектепке қатысуы тиіс деген талап қойылмайды. Біз тек мүмкіндік береміз. Осыны еске салғым келеді», — деді Аймағамбетов.

Айтуынша, дайындық негізінен математика, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі пәндерінен өтеді.

Ол тамыздың ортасында мұғалімдер еңбек демалысынан шығатынын айтты. Сондықтан дайындық курстарын өткізуге ешқандай кедергі болмайды.

Оқи отырыңыз: Білім басқармасы 1-сыныпқа қабылдау тәртібін түсіндірді 

Еске сала кетсек, 25 мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде өтті. Білім министрі балаларға бейнеқұттықтау жолдады.

Биыл коронавирустың таралуына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқыды. Жаңа оқу жылында балалардың мектепке барып оқуы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.



sputniknews.kz