Биіктен ұшып өлген Сымбаттың анасы: Жындыхана деген атынан қорықтық

0

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 11-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған Сымбат Құлжағарованың өлімі желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Оған себеп — марқұмның осыған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып келгені жайлы жазылған әлеуметтік желідегі жазбалары, деп хабарлайды Nege.kz ақпарат агенттігі.

Сымбат өлерінде ешкімді кінәламайтынын жазып, хат қалдырған. Бірақ туыстары оған сенбейді. Анасы болса, ақиқатты айтып берді.

“Желіде неше түрлі өтірік әңгіме жүр. «Күйеубаласына ақшаға сатылды» деп жатыр. Негізі бұл туралы бұрын айтқым келген, бірақ емделіп кетеді деген үмітпен, қызым «жындыханаға жатқанымды бәріне жария еттің» деп ренжіп жүрер деп үндемей келдім. Әйтпесе, жазғандарының бәрін интернеттен оқып отырдық.

Бірнеше миллиондық аудиториясы бар блогерлер шулатып жатыр. Көңіл айтып келіп жатқандардың ішінде психиатриялық ауруханаға жатып шыққан таныстары туралы айтқандар бар. 3-4 ай жатып, емделіп шығыпты. Соны естігенде ішім өртенеді. Жындыхана деген атынан қорықтық. Психолог, психотерапевт, психиатрдың айырмасын аса білмейміз. Дұрыстап дәрісін ішіп жүргенде жазылып кетер еді», — деп жүрегі қан жылайды анасының.

Осыған дейін бірнеше рет суицид жасауға ұмтылған. Анасы қызының біртүрлі қылықтарды емшіге барғаннан кейін шығара бастағанын айтып отыр. Бар айтар өтініші — марқұм қызының жанына тыныштық берсе деген. Күйеуі болса, қол көтермеген, желідегі көгерген дененің суреттері массаждан кейін болуы мүмкін дейді. Ақиқаты енді Жаратқанға аян. Сымбаттың топырағы торқа болсын!