Биатлоншылар эстафетада 4-ші орын иеленді
Қазақстан сапынан жарысты бірінші болып Кирилл Бауэр бастады. Ол ату кезінде мүлт кетпей, төртінші орынға көтерілді. Кейін Никита Акимов жарыс жолына шығып, хаттамада екінші нәтижені көрсеткен болатын.
Эстафетаны қабыл алған Владислав Киреевтің жылдамдығы жоғары болды. Алайда, командаластарына қарағанда, ату алаңында мүлт кеткен болатын. Осылайша, көшбасшы командадан 41.5 секундқа қалып қойған Қазақстан құрамасы төртінші орын иеленіп, гүл сыйлау рәсіміне қатысты.
Тағы бір айта кетерлігі, біздің спортшылар өзгелерге қарағанда атудан жақсы нәтиже тіркеді.
Алтын жүлде Германия спортшыларына бұйырды. Күміс медальді Словакия, қола медальді Италия құрамалары иеленді.
Дереккөз: http://egemen.kz/