Көзіңіздің көруін жақсартатын өсімдік

0
106
100 г алоэ шырыны мен 500 г ұнтақталған жаңғақ және 300 г бал мен 3-4 лимон шырынын жақсылап араластырып, күніне 3 рет орташа қасықпен тұтыныңыз. Бұл қоспаны тамақтан жарты сағат бұрын ішкеніңіз абзал. Сонымен қатар бұл әдіс көзіңіздің жақсы көруін ғана емес, ағзаңыздың дұрыс жұмыс жасауын да қамтамасыз етеді. Көп ұзамай нәтижесіне көз жеткізесіз. Алайда бір ескерте кететін жайт, алоэ өсімдігі жас болу керек (2-3 жыл).

Дайындау жолы:

Өсімдіктің ортасындағы және түбіндегі жапырақтарын кесіп, жоғарыда қалған 3-4 жапырағын қайнаған суға салып жуып, ұсақтап турап болған соң шырын сыққышқа салыңыз. Алайда академик Филатов жуылған жапырақтарды турамас бұрын тостағанға салып, 10-12 күнге тоңазытқышқа қойғанды дұрыс деп санайды. Өйткені сол кезде оның емдік қасиеті едәуір артады. Ал содан кейін жапырақтарды қайта жуып, жоғарыда айтылған жолмен жасайсыз.

Айта кетейік, алоэ сусыны бүйрек ауруына шалдыққан адамдарға, жүктіліктің соңғы кезеңдеріндегі қыз-келіншектерге, жүрек-қан тамыр аурулары мен туберкулезге тап болған жандарға өте қауіпті.

loading…