Берлиндегі мешіттерде тінту жұмыстары жүргізілді
Берлиннің полиция қызметкерлері Веддинг ауданындағы мешіттерде тінту жұмыстарын жүргізді.
Билік өкілдері 45 жастағы имам Абул Бараадан күдіктеніп отыр. Оған Сүриядағы экстремистерді қаржыландыуға көмек көрсетті деген айып тағылған. Тінту кезінде имамның компьютері мен смартфоны тәркіленді. Берлин БАҚ-тарының хабарлауынша, операцияға жүзден астам полицей жұмылдырылған және рейд жұмыстары бірнеше мекенжай бойынша жүргізіліп жатыр. Прокуратураның бастауымен лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру ісі бойынша қолға алынған.