ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ | «Айқын» газеті

0

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алмалы аудандық филиалы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жаңадан пайдалануға берілген жатақханаларына рейд ұйымдастырды. 

Рейдке «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері және партия қызметкерлері қатысты.
Бұл – Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңбері аясында салынып, өткен айда ғана пайдалануға берілген жатақхана. Болашақ дәрігерлер­дің жайлы өмір сүріп, алаңсыз білім алуына лайық салынған жатақхана – 512 орынды. Негізі, көпқабатты жатақ­ха­на­ның құрылысы басталғанына біраз болған. 2013 жылы қызу басталған жұмыс екі жылдан кейін тоқтап қалды. Осы жазда құрылыс қайта қарқын алып, қараша айында су жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Көптен күткен жағымды жаңалық­қа, әсіре­се студенттер қауымы қуанды. Олар­дың жаңалықты қуана қабыл алғанын түсінуге болады, өйткені бұл оқу орнында 6000-ға жуық қалалық емес қыз-жігіт оқитын болса, оның жартысына жуығына жатақханадан орын тимей қиналып жүрген. Енді бұл жағдай – өткен­нің енші­сінде. Бұдан былай студент­терге жатақ­ханадан орын да жеткілікті әрі ол жерде құдды үйдегідей жағдай жасалған.
– Біз осы рейд барысында студенттерге арналған жаңа жатақхананың жағдайымен таныстық. Студенттердің бөлмесіне кіріп қарадық, әр секцияда үш бөлме бар. Жуынатын бөлме, ас бөлме, үлкен кіребе­ріс бөлме де орналасқан. Бірінші қабатта студенттердің түрлі жиындар өткізуге арналған залы, оқу залы, интер­нет­ке қосылған компьютер залы бар. Кез келген студент қажет кезінде интернет қарап, сабаққа дайындала алады. Компьютерден қажет құжаттарын, анықтамаларды шығару­ға мүмкіндік жасалған. Жатақхана асханасы таңғы 9-дан кешкі 20.00-ге дейін студенттерге қызмет көрсетеді. Студент­тер таңғы, түскі және кешкі ас ішуге болады. Бұл жерде студенттерге барынша жағдай жасалған. Бөлмелер кең де жарық, барлық бөлмелер үстел, орындық, шкаф, төсек-орын сияқты қажетті жиһаздармен жабдықталған. Шағын ас бөлмеде электр плитасы, үстел, азық-түлік сақтауға, ыдыс­тар қоюға арналған шкаф бар. Жатақхана өткен айда ғана пайдалануға берілген. Құрылысқа қатысты ешқандай кемшіліктерді байқамадық. Әрине, біз бұл жағынан маман емеспіз, дегенмен ғима­рат пайдалануға берілер алдында арнайы мамандардың тексеруінен өткен. Ең бастысы – жатақхана студенттерге өте қолайлы. Студенттер арнайы бағдарлама бойынша әлеуметтік жағдайына, сабақ үлгеріміне қарай орналастырылады, – дейді «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудан­дық филиалының Партиялық бақы­лау комиссиясы мүшесі Айгүл Қалықова.
Жатақханаларға арнайы жасалған рейдтен кейін студенттер үйінің ашылу салта­наты болды. Айтулы шараға денсау­лық сақтау министрі Елжан Біртанов, ЖОО басшылары мен студенттер қатысты. Қатысушылардың айтуына қара­ғанда, бұл – елдегі ең үлкен және жайлы жатақхананың бірі.
– Осы кезге дейін студент-медиктерді жатақханамен қамтамасыз ету өте маңызды және үлкен міндеттің бірі болды. Қазір осыдан 20-30 жыл бұрынғы кезбен салыстырып қарағанда сутденттер саны анағұрлым өскен, бұл өз кезегінде үлкен мәселелер де туындатты. Қазір елімізде студенттер саны 500 мыңға жуықтады. Оның 41 пайызы қалалық емес жастар. Өткен оқу жылында осындай 85 мыңнан астам студент жатақхананы қажет еткен. Олардың басым бөлігі мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқиды. Әсіресе, алматылық студенттер жатақхана мәселесін көбірек тартып отыр. Жаңа студенттер үйі осы олқылық­тың орнын толтыратын болды. Универ­ситет басшылығы Мемлекет басшы­сының студенттеррге жатақхана­лар­да орын жетпеу мәселесін шешу тапсырма­сын тез әрі нақты орындап шыққанын атап өткім келеді. Бұл жатақхана «Прези­дент­тің бес әлеуметтік бастамасы» шең­берінде өте қысқа мерзімде салынып, пай­далануға берілді, – деді министр
Е.Біртанов.
Қазіргі таңда студенттер жатақханадан жайлы орын алып, жайғасып та үлгерді. Оларға қойылар басты талап – тәртіп пен мүліктерге жауапкершілікпен қарау.

Гүлнар ТӘЖИЕВА

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз