Берік Уәлиұлы президент баспасөз -хатшысы болып тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Президентінің баспасөз-хатшысы қызметіне  Құрманғали Берік Уәлиұлы тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Берік Уәлиұлы президент баспасөз хатшысы болып тағайындалды

«Берік Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалсын»,-делінген жарлық мәтінінде.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Айдос Үкібай басқа жұмысқа ауыстырылды. 

Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Қызмет жолы:

-1997 жылы «Таң» телекомпаниясында  «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі;

— «НТК» телеарнасындағы «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы;

— 2000-2007 жылдары жауапты редактор, бас редактор, «31-ші арнадағы» Информбюро «ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі ;

—  2009-2012жылдары «Нұр Медиа» сыбайлас-жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы;

-10.2012-08.2015 жылдары Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы;

-08.2015 бастап  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі;

— 2016 жылдан бастап министрдің кеңесшісі, ҚР ИДМ ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры;

— 06.2018 жылдан бері Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

— 03.2019 жылы ҚР президентінің баспасөз хатшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz