Ертегі: Қасқыр мен қозы
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2018/12/8cb29ccfce64baeba131b1d7f9595f81_resize_w_600_h_315.jpg)
![Ертегі: Қасқыр мен қозы казакша Ертегі: Қасқыр мен қозы на казахском языке](http://www.zharar.com/uploads/posts/2018-10/1540373454_15393195062291183812375.jpg)
Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап:
— Мен ішетін суды неге былғайсың! – дейді.
Қозы:
— Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – дейді.
Қасқыр тағы айғайлап:
— Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, – дейді.
— Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы тумаған да едім.
Қасқыр ашуланып:
— Әдепсіз, үлкенге неге қарсы сөйлейсің! – деп, қозыны сол жерде бас салыпты.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!