Белгілі спорт ардагері, «Құрмет» орденінiң иегерi қайтыс болды

0
3298
Исаханов Омар

Қазақстан спорт ардагері, Қазақ КСР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, «Құрмет» орденінiң иегерi Исаханов Омар Жiгiтбекұлының қайтыс болды деп хабарлайды KzNews.kz сайты.

Бұл туралы Дәулет Тұрлыханов жазды.

«Омар Жiгiтбекұлы саналы ғұмырын отандық спорттың дамуына арнаған қайраткер. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде республикалық спорт комитетінде бөлiм басшысы, мемлекеттік жаттықтырушы болып ұзақ жылдар бойы туған еліне адал қызмет етті» деді Д.Тұрлыханов.

Омар Жігітбекұлы Исаханов (18.04.1943, ШҚО, Үржар ауданы, Науалы аулы), ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы. 1973 жылдан республикалық спорт комитетінде қазақша күрестен, самбодан, дзю-до күресінен мемлекеттік жаттықтырушы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. КСРО-ның спортына еңбек сіңірген қайраткер. Көптеген үкімет наградаларымен марапатталған.