Беларусия Украинадағы Ресейдің арнайы әскери операциясына қатысады

0

Беларусия Украинадағы Ресейдің арнайы әскери операциясына (SVO) қатысады, бірақ онда өзінің әскери күштерін жібермейді. Бұл туралы республика президенті Александр Лукашенко күш блогымен өткен кеңесте мәләмдеді, деп хабарлайды Lenta.ru сайты.

«Украинадағы арнайы әскери операцияға  қатысамыз. Біз мұны жасырмаймыз. Бірақ ешкімді өлтірмейміз. Біз өз әскерімізді ешқайда жібермейміз. Біз өз міндеттемелерімізді бұзбаймыз», — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бірінші кезекте Беларусь өз аумағына «осы қақтығыстың таралуына жол бермеу үшін» арнайы операцияға қатысады.

«Екіншіден, Польша, Литва және Латвия тарапынан арнайы әскери операцияларының алдын алады. Беларусь аумағынан ешкім орыстарға оқ атпайды», — деп түсіндірді президент.

Бұған дейін Лукашенко Украина билігін Беларусь шекарасында арандатушылық ұйымдастырды деп айыптаған. Бұл ретте ол Киевтің Беларусь аумағында «үнемі оптикалық, радиоэлектрондық, радиотехникалық барлау жүргізетінін» атап өтті.

фото: Сергей Бобылев/ ТАСС