«Самұрық-Қазына» Үкіметтің сауын сиырына айналды

0
62

Сонымен қатар, қордың ақшасын оңды-солды шашып жатыр деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі  қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің жазбасынна сілтеме жасап.

2021 жылы «Самұрық-Қазына» қорының таза табысы 1,6 трлн теңгені құрады. Дивидендтерге, яғни бірден мемлекет бюджетіне 10%-дан сәл артық (170 млрд теңге) сома жұмсалды.

Ал Қор мен оның компанияларының иелігіндегі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, қарыздарды өтеу және активтерді сатып алу үшін 1,459 трлн теңге қалады.

«Самұрық-Қазына» қолында қалған ақша Үкіметтің проблемаларын шешуге жұмсалады.

«@FINANCEkaz қорды Үкіметтің «сауын сиырына» айналдыру тәжірибесін айыптайды. Ал президент сұрағандай — бюджетке барынша таза пайда әкеліп, сол жерден ашық жұмсалуы керек», — дейді Андрей Чеботарев.