«Беларусь нұсқасы» Украинадағы жағдайдан да қорқынышты болуы мүмкін
Келер жылы –Украинада президенттік сайлау. Петр Порошенко орынтағын сақтап қала ма, жоқ па? Әрине, оны уақыт көрсетеді. Бірақ анығы, көп нәрсе Ресей мен Украинаның арақатынасына қатысты болып тұр. Десек те, сарапшылар Порошенконың жеңісті қолдан бермеуге барынша тырысатындығын айтуда. Ал АҚШ-та Дональд Трампқа қарсылар аз емес. Келер жылы АҚШ президентіне импичмент жариялануы мүмкін бе? 2019 жылы Жапония мен Ресей Куриль аралдарына қатысты мәмілеге келе ме? Ал Лукашенкоға сенуге бола ма? Сауалдар көп…
–»Халық таңдауына салсақ, Петр Порошенконың жеңіске жетуі екіталай. Ол осыдан біраз уақыт бұрын Керчь бұғазында болған оқиғаны пайдаланып, елде 60 күн әскери жағдай жариялауға тырысты. Бірақ Жоғары Рада 30 күнге ғана келісімін берді. Сондықтан әлі де өзінің президенттік құқын пайдаланып, Порошенко басқа да қадамдарға баруы мүмкін. Қалай айтқанда, қазіргі Украинада сөз бостандығы болғанымен, авторитарлық жүйенің аздаған белгілері байқалады. Сондықтан келер көктемде оның орнына басқа лидер келеді деу қиындау.
Ал АҚШ президенті Дональд Трампқа келер болсақ, оған импичмент жариланады деу қате. Бұл нұсқа жүзеге аспайды. Өйткені, Сенат –республикашылдардың бақылауында. Бірақ Америкада Трампқа қарсы орасан зор көлемде наразылық кампаниясы жүзеге асып жатыр. Оны жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ, Ақ үйдің халықаралық саясаттағы Ресей, Иран, Қытай мен Солтүстік Кореяға қатысты саясатын АҚШ конгресі реттеп отыр. Мұны Трамптың өзі де сезеді. Сондықтан халықаралық аренада өзінің алпауыт елдің лидері екендігін көрсету үшін ол кез келген уақытта қандай да бір тосын әрекеттерге баруы мүмкін. Бірақ біз мынаны түсінуіміз керек, ол халықаралық деңгейдегі лидер емес, әлемге әлімжеттік жасауға тырысатын бұзақы адам ғана. Дегенмен, бұл оның халықаралық аренада потенциалы жоқ деген сөз емес. Онымен кездесіп, келіссөзге отырудың мән-маңызы шамалы. Трамп – Никсон, Форд немесе Рейган емес. Кіші Джордж Буш, Барак Обама да АҚШ-тың саясатын мен мүддесін жоғары деңгейде жүзеге асырды.
Ал Дональ Трампқа қазір президенттікке қайта сайлануы керек. Сол үшін ол әр қадамын өзіне пиар жасауға пайдаланады. Американың саясатын мықтап жүзеге асырады. Ол Американың басқа презитденттеріне қарағанда жұмсақ, әлемге әділеттілік әкеледі деу – ақымақтық.
Трамп Ресейді әлемдегі ең қуатты ядролық мемлекет болғасын ғана мойындап отыр. Өйткені Ресей ғана АҚШ -қарсы қарсы соққымен жауап бере алады.
Ал Жапонияға келсек, оларға Қиыр Шығыстағы аралдарды ешқашан беруге болмайды. Мысалы, біз кезінде Қырым түбегін Украинаға бердік. Зорға қайтарып алдық. Енді соның зардабын тартып отырмыз. Сондықтан Жапонияға Қиыр Шығыстағы бес аралды берсек, оның да салдарын болашақта тартатын боламыз. Жер қай уақытта береледі? Егер соғыста жеңіліске ұшыраған мемлекет қана мәміле бойынша жерінің бір бөлігін береді. Біз соғыста Жапониядан жеңілген жоқпыз. Жеңдік. Сондықтан бұл әңгімеге нүкте қойылуы керек.
Біз бауырлас ел атанып жүрген Беларусь Республикасына да күдікпен қарауымыз қажет. Бір ғана мысал. 25 жылдан бері Александр Лукашенко Мәскеуге келеді де, Путинмен стол басында бірге отырып, жылына 10 миллиард доллар ақша сұрайды. Керегін алады, сосын еліне барып, Ресейге қарсы саясатын жүргізеді. Путиннің алдында үнемі түлкібұлаңға салынып, өтірік сөйлейді. Үнемі солай. Ал біз соны сараптап, зерттеп отырмыз ба? Жоқ. Лукашенко –әлемде өтірікті көп айтатын президенттердің бірі. Біз 25 жыл бойы 100 миллиард доллардан астам ақшаны Беларуссия өндірісіне құйдық. Тіпті бұл қарыздың бір бөлігін жойып та жібердік. Бірақ қайтарым ретінде біздің Минскіден алып жатқан түгіміз жоқ. Орын алуы мүмкін бір ақиқат нәрсені айтайын, «Беларусь нұсқасы» түбінде Украинадағы жағдайдан да қорқынышты болуы ықтимал. Біз содан сақтануымыз керек, қазір ешкімге сенуге болмайды. Лукашенкоға да».
Бұл ресейлік саясаттанушы, Жоғары экономика мектебі саясат және экономика факультеті деканының орынбасары Андрей Суздальцевтің пікірі. Мемлекеті қандай саясат жүргізсе де, сарапшылары да сондай сипатта амбициялық пікір білдіретін ресейлік мамандардың да көздегені – өз мүддесі. Халқы кедей тұрмыста, елі әлемдік санкцияның құрсауында жатса да, кесірткелік әлін көрсеткісі келетін Ресей осылай әлемдік саяси жағдайды шамасына қарамай, реттегісі келеді. Қайтсін енді, қаруы бар, қуаты бар. Күшті. Диірмен тартатыны да содан…