Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды
Қысқа сілтеме алу
Сейілхан Саттархановпен қоштасу рәсімі ертең, 26 ақпан күні Түркістан қаласында сағат 15.00-де болады
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озды. Бұл ақпаратты Түркістан облысының спорт басқармасы растады.
«Бүгін Сейілхан Саттарханов дүниеден өтті. Ертең Түркістан қаласында 15.00-де жаназасы шығарылады», — деді басқармадағылар.
Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы — Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.
2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза болды. Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз: «Ұлымды ұмытты, ешкім есіне алмайды» Бекзат Саттархановтың әкесі ренішін айтты
2019 жылы спортшы жайында «Хабар» агенттігінің тапсырысымен «Бекзат» көркем фильмі түсірілді. Режиссері – Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Закерұлы. Түсірілім Түркістан, Шымкент, Тараз қаласында және шетелде өтті.
sputniknews.kz