Бекмырза Игенбердиновке 160 мың доллар пара алған деп айып тағылды

0

«Алматыэлектротранс» ЖШС Бас директоры Бекмырза Игенбердинов 30 қарашаға дейін қамауға алынды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Сот қаулысымен күдіктіге  қатысты қамауда ұстаудың жолын кесу шарасын екі ай мерзімге санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды»,-деп дүйсенбіде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының ақпаратын ҚазТАГ агенттігінің сұрауына жауап бере отырып, баспасөз қызметіне жеткізді.

Осылайша, 160 мың доллар пара алды деп күдіктелген Игенбердинов 30 қарашаға дейін қамауда болады.

Фото: inform.kz