Бекболаттан қандай діни астар іздеп жүрсіз? — Тілеуханды жақтаушылар Айгүл Орынбекке шүйлікті

0

Нұрбол Қайырбекұлы есімді азамат әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханға қатысты сын айтқан Айгүл Орынбекке жауап қатып, арашашы болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Бұрынғы депутаттың жақтастары Бекболат Тілеуановқа қатысты өз көзқарасын жариялап, өз ойын ашық айтып жүрген Айгүл Орынбекке шүйлікті.

«Айгүл Орынбек деген бәрін білгіш данышпанымыз бар ғой, сол тым жақсы дін жөнінде өзекті мәселе көтеріпті де, ол жерге апарып қайтадан Бекболат Тілеуханды қыстырыпты. Бекболат енді кетті ғой… деп біреуге жала жабатындай сіз бетін тұмшалап түгел жауып тастаған Бекболаттың қай қызын, қайсы әйелін, қай қарындасын көрдіңіз? Соңғы Нартаймен болған сұхбатында да мектеп жасындағы кішкентай қыздардың орамал тағуын онша көп құптамайтынын тікесінен айтты ғой. Енді оның артынан тағыда қандай кір іздедіңіз? Бекең қашан көрсең де бір әйелімен тойда жүрсе, екінші әйелімен мерекелік кештерде, әзіл-сықақ жерлерде көңіл көтеріп отырады. Ол кісіден қандай діни астар іздеп жүрсіз? Негізі қай адамның болмасын, ақылдылығы мансабымен өлшенбейді екен ғой, өресі төмен болса, ол бәрібір биіктемейді екен, соны ұқтым. Айтпақшы байқадыңыз ба, Айгүл, жеңешелеріміз бірінен-бірі өткен,  сізден де сұлу екен, иә? Өйткені Бекең мужик ғой, — деді автор.
Бұған қатысты фейсбук желісіндегі оқырмандар тартысқа толы пікір білдіруде.
«Бекболатты жағымпаз деген адамға сол мүмкіндік берілсе, олар Бекеңнен өткен зорын істеуші еді. Қатындар ол кісімен неге алысады? Өйткені ол кісі шариғат жолымен бірнеше әйел алып отыр. Бұл санасы сын көтермейтін әйел сымақтарға ұнамады. Сақал қойып, дін жолында жүруі біздегі атейстер мен тәңіршілдерге ұнай қоймады. Кейбіріміз ол кісінің депутат болғанын ұнатпадық. Біреудің жеткен жетістігін көре алмай, басындағы бақытын қызғанып, бейшара пенделік қылып жүрген жайымыз бар. Солай ауырып қалдық ғой, негізі», «Айгүл шындықты айтады», «Айгүлді қолдаймын» — деп жазды оқырмандар.