Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады

0

Ресейдің Краснодарск өлкесінің Ейск қаласындағы көпқабатты үйге Су-34 ұшағы құлады. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Ейск қаласындағы 9-қабатты тұрғын үйге әскери ұшақ құлады. Тұрғын үй өртеніп жатыр. Құтқару қызметті жұмыс жүргізуде.

Ал қаланың төтенше жағдай қызметі тұрғын үйге Су-34 ұшағының құлағанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, Су-34 бомбалаушы әскери ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Апатқа ұшақ қозғалтқыштарының бірінде шыққан өрт себеп болған. Су-34 құлаған тұрғын аудандардың бірінің ауласында ұшақтың жанармай құятын багы жарылып, өртенген.

Көз жұмғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Видеодан алынған кадр tass.ru