Бекболат Тілеухан тағы бір журналисті қарғады: Бекболаттан депутаттық мандаты кері алынсын

0

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жақында «Жас Алаш» газетіне жұмысқа орналасқан журналист Тоқтар Жақашты қарғады. Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бекболат Тілеухан журналистің жекесіне: «Сенің айтқаның рас болып, Тұрсынай деген адамның ақысын жесем АЛЛАҺ мені тапсын!

Олай болмай, көзің жетпеген нәрсеге жала қылып жапқаның рас болса, АЛЛАҺ сенің жаңынды қуырып, «не болдымға ұшыратсын!» Әмин, әмин, әмин!!! Қатты қинал! Жалақордың жаны екі дүниенің азабында шырылдасын! Әмин, әмин, әмин!!!» — деп жазып жіберіпті.

Оның жазған скриндарын Тоқтар Жақаш әлеуметтік желіде жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Жақаш өз парақшасында Тұрсынай есімді келіншек Бекболат Тілеуханның үйінде қызметші болып жұмыс істегенін, бірақ, оның ақысын жеді деп ақпарат таратқан.

Oinet.kz