Бекболат Тілеухан: Дүние күйіп кетсе де өз жеріңнен кетпеу керек (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде экс-депутат Бекболат Тілеуханның 9 жыл бұрын журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбаты қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Атамекен дедің бе, дүние күйіп кетсе де өз жеріңнен кетпе. Елден қашып кетеді деп түрлі жала жауып жатыр. Мен бір жетіден артық Қазақстаннан басқа жерде жүре алмаймын. Бір сәт жылқының етін жемесем не қымыз ұрттамасам, ішкен асым бойыма тарамай қалатынын біліңіздер. Кеткен кезде баратын жерім жоқ, өзге тілді де білмеймін. Бір дүниені білемін. Менің Қазақстаннан басқа ешкімге керегім жоқ. Орыс пен түрік әнімді қайтеді, сөзімнің қытай мен норвегтерге қандай қажеті бар?»— дейді Бекболат Тілеухан.

Желі қолданушылары «Осы сөзіңде неге тұрмадың? Ұят болған екен!», «Кеткеніне 1 апта емес, айлар болды ғой. Әзер жүрген шығар» деген сынды түрлі пікір қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін экс-депутаттың Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы ақпарат тараған еді. Алайда қоғам қайраткерінің өзі бұл деректі жоққа шығарды.