Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін республикалық байқау өтеді

0

Байқаудың мақсаты:

-Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шаңырағын көтеру ісіне өзінің өмірін арнаған мемлекет және қоғам қайраткерінің егемен ел дамуына сіңірген еңбегіне әділ баға беру;

-өнегелі өмірін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау;

— әділдік жолында шейіт кеткен сұңғыла саясаткердің мемлекетшіл болмысын, азаматтық-патриоттық тұлғасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету;

-көсемсөз жанрында жазатын шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету.

Байқауға ұсынылатын тақырыптар:

Алтынбек Сәрсенбайұлы-

-журналист һәм редактор;

— Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қаласқан демократтық көзқарастағы мемлекет қайраткері, ұлт патриоты ;

-дипломат;

-Қазақстанда жаңа қоғам орнату жолындағы саяси күрескер;

— мемлекет болашағын болжай алған сұңғыла саясаткер;

-адамгершілігі жоғары, азаматтық позициясы айқын тұлға.

Байқау талаптары:

-тек эссе жанрында жазылған шағын көсемсөз шығармалар қабылданады;

-жазылған эссе 10 тамыздан 10 қыркүйекке дейін ел аумағында тарайтын газет-журналдарға, бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайттарға, яки бес мыңнан жоғары жазылушысы бар әлеуметтік желілерде жариялануы керек;

-жарияланған эссенің электрон нұсқасын, сілтемесін ұйымдастыру алқасына жолдау міндетті;

-байқауға бір автордан бір ғана шығарма қабылданады;

-байқауға әдепсіз сөздер араласқан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар қабылданбайды;

-байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

-байқау жұмыстары MS Word форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 кегльмен, 1,0 аралықта терілуі керек және 2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін yessey0708@gmail.com электрон поштасына жіберу қажет;

-автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі, электрон поштасы, мекен-жайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) шығармамен қоса жолданады.

Байқау қорытындысы:

Ұйымдастыру алқасы байқау ережесінде көрсетілген талаптарға сай жолданған шығармаларды қарап, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық иегерлерін (үш орын) А.Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл толуына орай өтетін халықаралық ғылыми конференцияда жариялайды және ақшалай-заттай сыйлықпен марапаттайды.