Bek Air компаниясына кем дегенде 10 қаңтарға дейін ұшуға рұқсат етілмейді

0
16

Қазақстан авиация әкімшілігінің басшысы ұшақ апатына байланысты Bek Air компаниясының қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан — Sputnik. Bek Air компаниясына жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сертификаттың күші 10 қаңтарға дейін жойылды. Бұл туралы Қазақстан авиация әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Пайдаланушының (эксплуатант) сертификаты 10 қаңтарға дейін қалпына келтірілмейді. Тергеуге қатысты жұмыстар жүргізілуі шарт. Оған Англияның, Еуропаның, АҚШ-тың сарапшылары жұмылдырылады. Біздің шешіміміз олардың есебіне негізделеді», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Bek Air компаниясына қазіргі сертификат 2019 жылдың 12 қарашасында берілген. Сертификаттың күші ұшақ апатына байланысты 27 желтоқсаннан бастап тоқтатылды. Компанияның меншігінде тоғыз Fokker 100 ұшағы бар.

Fokker 100 әуе кемесі 1996 жылдың 8 сәуірінде шығарылған. Ұшақ 23 жыл қолданыста болған.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Жұмадағы трагедия: Алматы түбіндегі ұшақ апатының хронологиясы  

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз