Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні орындалды

0

Бейжіңде мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс Абай өлеңінің әуеніне сырғанады. Бұл туралы журналист Руслан Меделбек Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Бейжіңде Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасы» шырқады. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс (Deniss VASILJEVS) қысқа бағдарламасын Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасынан» бастады. Бұл – қазақ композиторы Марат Бейсенғалиев пен британиялық Карл Дженкинстің Sarakiz II: Romanza композициясынан үзінді», – деп жазды Руслан Меделбек.

Бұған дейін Бейжің Олимпиадасында бүгін жарысқа қатысатын спортшыларымыз туралы жазған болатынбыз.