Бейтаныс қызға бір бүйрегін сыйлаған оралдық жігіт алғаш рет әке атанды

0

Қуанышты жаңалықты белгілі продюсер Алпамыс Шәрімов хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Оралда тұратын Абзал Әділов есімді жігіт бірнеше жыл бұрын бейтаныс қызға бір бүйрегін беріп, өмірін аман алып қалған еді. Биылғы жылдың шілде айында шаңырақ көтерген азамат күні кеше алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты жаңалықты белгілі продюсер Алпамыс Шәрімов хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

«Бүйрегін бейтаныс жанға берген Абзал есімді оралдық ержүрек батыр жігіт туралы естіп пе едіңіз?! «Жан жылуы» бағдарламасын көріп отырып, Шымкентте тұратын қызға шұғыл түрде бір бүйрегін берген Абзал сол өңірдің Айгерім есімді аруымен танысып, Оралға биыл келін етіп түсіріп еді… «Ең қымбат қалыңмал» төлеген досымыз әке атанды! Шаңырағына алпамсадай бір батыр дүниеге келді! Құтты болсын!» – деп жазды Шәрімов Instagram желісінде.

Өз кезегінде желі қолданушылары жас отбасыны үлкен қуанышымен құттықтап, «бауы берік болсын» десіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қазан айында Абзал Әділов шымкенттік Жәмила Байсеріковаға өзінің бір бүйрегін берген еді. Қызға шұғыл түрде бүйрек алмастыру отасы жасалуы керек болғандықтан, Абзал өз еркімен донор болыпты. Алайда оның жұмысқа орналасуға қатысты қиындықтары пайда болған. Себебі, жігітке бір жылдай уақыта 5 келіден ауыр зат көтеруге тыйым салыныпты. Ол өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған, сондай-ақ, күзетші мамандығы бойынша да жұмыс табылмапты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз