Бауыржан Байбек дауыс беруге ұлымен бірге барды

0

Қала басшы Алматының жетістіктерін де еске салуды ұмытпады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Орбита» шағын ауданында орналасқан №44 сайлау учаскесінде дауыс берді. Онымен бірге жұбайы мен ұлы да болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистерге сұхбат берген қала басшысы тәуелсіздік жылдары ішінде Алматы экономикасының 100 есеге өскенін де еске салуды ұмытпады. Содан кейін сайлауға қатысты өз пікірін жеткізді.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы әкімі Бауыржан Байбек дауыс берді

«Бүгін ауа-райы тамаша. Сайлау учаскелеріне барып, нағыз дауыс беретін сәт. Мен өзім сайлаудың ашық әрі заң сай өтетініне сенімдімін. Алматылықтар өз болашағы үшін, балалары үшін, немерелері үшін, тұрақтылық үшін таңдау жасайды», — дейді Байбек.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы әкімі Бауыржан Байбек сайлау учаскесіне әйелі мен ұлымен бірге келді

Айта кетейік, Қазақстандағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру науқаны кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Елорда уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді.

Жалпы, Қазақстанда 11 947 995 адам дауыс бере алады.



sputniknews.kz