«Бауыржан 37-38 жылдары орыстың алдында тоңқаңдап жүрген»: Момышұлына ауыр сын айтылды
Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлына өте ауыр сын айтылды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Алмат Сақатовтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ассалаумағалайкүм. Бауыржан Момышұлына жазған түрі мынау. Не дейсің енді бұндайға? Не дейсің? Қалай жеткізу керек сіздерге?», – деп күйінді актер.
Сақатов Бауыржан Момышұлына төмендегідей сөздер жазылған суретті жүктепті.
«Бауыржаның орыстың алдында тік тұрып емес, тоңқаңдап жүрген болар. 1937-38 үш жыл бұрын депрессия деп, қырып салған жауының Москвасын қорғай ма тоңқаңдамаса. Тік тұрып өлген алаштан артық болып па жаны», – деп жазған Мухи Ахмет есімді оқырман.
Бұны оқыған оқырмандар «Диванный критик», «Рухани инвалидтер», «Қатесіз жазуды үйренсін алдымен» деп баға берді.