Жақында мен сатқындықты бастан кешірдім: Түсіпбаева ағынан жарылды

0

Әнші Меруерт Түсіпбаева сатқындық тақырыбында сөз қозғады.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Жақында мен сатқындықты бастан кешірдім. Бұл мен үшін аса ауыр болды. Жаным ауырып, күні-түні маза бермеді. Жүрегім қан жылады. Күйзеліс мені іштей жей бастады. Жыладым, еш себепсіз күлдім. Өзіме сан түрлі сұрақ қойып, бірде-бір мәнді жауап ала алмадым. Өзіммен-өзім сөйлесіп, өз-өзіме ашуландым. Оны ойлауға өзіме тыйым салдым. Тәбетім қашты. Әрі қарай құдды өмір жоқтай елестеді. Айналамның бәрі қара түнекке айналды. Менің әлемім түссіз болып, сұрланып кетті. Осылайша, мен жақын адамымның сатқындығын басымнан өткердім. Бірақ уақыт емші. Мен бойыма қайта күш жинап, бұл сынақты да еңсердім. Кешірдім, жібердім», – деп жазды әнші.