«Бауырлас елдерміз»: Лавров ресейліктердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы айтты
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде ҚР Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен ресми кездесуі кезінде журналистердің сұрақтарына да жауап берді деп хабарлайды kznews.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистердің бірі: «Қазақстанда орыстарға қысым көрсетіліп жатыр дегенді кейбір ресейлік БАҚ-тар өздері ойдан шығарып алып жүрген жоқ па, әйтпесе Ресей Федерациясынан санкциялар енгізілгеннен кейін мыңдаған ресейліктер онсыз да кетіп жатыр емес пе деп сұрады.
«Егер біз арадағы одақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамуына қатысты қарым-қатынасымызды Ресейдегі кейбір БАҚ-тың және Қазақстандағы кейбір БАҚ-тың негізінде анықтасақ, біз нақты көріністі сәл бұрмалап аламыз деп ойлаймын. Әрдайым жоқ жерден бәле іздеуді, түймедейді түйедей көруді қалайтындар табылады. Соңғы кездері Қазақстанға қоныс аударған ресейліктердің саны туралы ақпаратқа қанық емеспін, оның үстіне олардың кетуіне не итермелегендігінен де хабарым жоқ», – деп атап өтті Лавров.
Оның пікірінше, қоныс аудару процесі табиғи түрде жүреді.
«Біз бауырлас елдерміз, азаматтарымыздың жүріс-тұрысына ешқандай шектеулер қойылмайды. Біздің азаматтарымыз да, Қазақстан азаматтары да тұрғылықты жерін өзі таңдай алады. РФ Конституциясында мұндай құқыққа кепілдік беріледі. Бірақ ,бұл арада ең бастысы, біздің ортақ міндеттеріміз – бұл туралы біздің президенттеріміз 10 ақпанда Кремльде мәлімдеме жасады. Ресейліктер мен қазақстандықтар бір-бірінің аумағында болуында іс жүзінде ешқандай айырмашылық болмайтындай етіп жағдай жасау туралы сөз болды. ЕАЭО шеңберінде біздің қарым-қатынастарымызды дамыту экономикалық, әлеуметтік жағдайларда осыған икемделуіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған. Президентіміз біздің алдымызға осындай нақты міндет қойып отыр», – деп сөзін қорытындылады Лавров.