«Территориямызды да, ақшамызды да қайтарып аламыз» – Ресей

0
8587

Кеше РФ Мемлекеттік Думасының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Дума төрағасы Вячеслав Володин Ресей шетелде бұғатталған ақшаларды қайтарып алатынын айтты деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Ақшамызды тартып алған жоқ, бұғаттап тастады. Барлығын қайтарамыз. Территорияларымызды қайтара бастадық, ақшамызды да қайтарамыз. Керек болса, пайызымен қайтарады», – деді Дума төрағасы.

Бұған дейін Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанда Ресейдің шетелдегі автивтері бұғатталған болатын. Артынша АҚШ Ресейге қарсы санкция салу туралы жиі мәлімдеме жасай бастаған еді.